Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылдың 23 сәуірінде сағат 16:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Жол инфрақұрылымының сапасын арттыру» мәселесіне арналған онлайн баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Бармақов Сайранбек Солтанбекұлы,

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әліпов Ұлан Тоқтарбайұлы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 12 наурызындағы № 20-ПГВр “Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шараларын күшейту туралы” қаулысына сәйкес, ОКҚ баспасөз шаралары онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Тікелей көрсетілім Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube https://www.youtube.com/user/ortcomkz және Facebook https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz желісіндегі парақшаларында өткізіледі.