Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.
«Облыста жалпы 38 медициналық ұйымның барлығы электронды құжат айналымына өткен (100%). Ал, 121 медициналық форманың 74 электронды форматқа өткен (61,1%). Сонымен қатар, өңірде 1 768 871 электронды денсаулық паспорты құрылған», - деді Ж. Түймебаев.
Сондай-ақ, алғашқы медициналық санитариялық көмек (АМСК) деңгейінде басымдықты және негізгі ауруларды басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Түркістанда облысында Ауруларды басқару бағдарламасы енгізілуде. Ағымдағы жылы өңірде 23 алғашқы медициналық санитариялық көмек (АМСК) ұйымдарында үш нозология бойынша ауруларды басқару бағдарламасы іске қосылды.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бағдарлама аясында медицина қызметкерлерін оқытып, сертификат алғандарға жалақысына 20 пайыз қосымша ақы төлеу арқылы кезең-кезеңімен өсіру жоспарлануда.