2008 - 2020 жыл аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептерін 12 мың оқушы бітірді. 11 жыл ішінде 12 622 оқушы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары атанды. Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев - жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция» атты халықаралық конференцияда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова мәлімдеді.
«Түлектердің 90%-дан астамы түрлі білім беру гранттарының иегерлері болып табылады. Назарбаев Университетінің 1-курсына тікелей түсу есебінен «Foundation» университет алдындағы дайындық бағдарламасына қатыспастан, Қазақстанның 17 жоғары оқу орнына бакалавриаттың 3 жылдық бағдарламасына түсу және шетелдік жоғары оқу орындарының грантына түсу есебінен 55,3 млрд.теңгеден астам қаржы үнемделді», - деп хабарлады спикер.
Күләш Шәмшидинованың айтуынша, Зияткерлік мектеп түлектерін даярлаудың сапасы еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына жағымды әсер етеді.
Білім беру қызметінің сапасын мойындау барлық 20 зияткерлік мектептің CIS халықаралық аккредитациясы болып табылады.
«Біздің ұйым білім беру саласында 2019 жылы ЮНЕСКО «Wenhui Award» сыйлығын алған Қазақстанның алғашқы өкілі болды», - деп атап өтті ол.
Бүгін, 2020 жылғы 2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция".
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.