Бұл туралы Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде хабарлады.

«Биылғы жылы денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне Интернетке қолжетімділік беру үшін 432,5 млн теңге бөлінді», - деді Архимед Бегжанұлы, «Жылдың соңына дейін қалалық және ауыл мектептерінің 85% -ы және медициналық мекемелердің 93% -ы кеңжолақты Интернет желісіне қосылады».

Облыстың оқу орындарының мультимедиялық және компьютерлік техникасын жабдықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Бұдан басқа, заманауи жабдықтармен және озық технологиялармен жарақтандырылған «Озат» мамандандырылған интернат-мектеп ашылды. IT-мектебі жоғары сапалы білім беру қызметтерінің кең спектрін, дәл ғылымдар мен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқыту, бағдарламалау дағдыларын дамыту, IT-технологиялар мәдениетін өсіруді қамтамасыз етеді. Мектеп ғимаратында робототехника, 3D-модельдеу және eSports үшін бөлмелер бар.

Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне облыстың барлық медициналық мекемелерінде медициналық ақпараттық жүйе енгізілгенін хабарлады.