Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов баяндады.
Елбасы Жолдауындағы бірінші басымдық - халық табысының өсуіне қатысты, келер жылдан бастап, облыстық бюджеттен жалақы алатын 23424 қызметкер үшін төменгі жалақы өскелі отыр.
Бизнес өкілдері де бұл шешімді қолдау үшін әрбір кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіліп, жұмыс жүргізілуде. Бүгінде облыстағы белгілі кәсіпорындар бұл шешімді қолдап, 9 мың қызметкердің еңбек ақысын көтергелі отыр.
Олардың қатарында «Жамбылгипс» АҚ, «TMЗ» ЖШС, «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС және «Жамбыл Цемент Өндiрiсiтік компания» ЖШС, Завод «Металконструкций и резервуаров» ЖШС, «Алтыналмас»АҚ кәсіпорындары бар. Облыстағы 95 ірі және орта бизнес субъектілерімен жыл соңына дейін келіссөздер жүргізіліп бітеді.