Тұрғын үй секторын дамыту мақсатында мемлекет қаражаты есебінен 44 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр, оның 34-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы Орталық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.
Сонымен қатар, қосымша 19 коммерциялық көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүруде. Әкім 2019 жылы 4368 пәтерлік 50 тұрғын үй құрылысы жоспарланып отырғанын да атап өтті.
Облыста «7-20-25» бағдарламасы аясында 62 өтінім мақұлданып, үміткерлер 783 млн теңге несие қаражатын алды.