Бұл туралы ОКҚ баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

« Оның ішінде әлеуметтік нысандар құрылысы да бар. Биыл аймақта 13 әлеуметтік нысан –мектептер, балабақшалар мен мәдениет үйлері, денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 30 нысан салу жоспарланып отыр. 2019 жылы 28 әлеуметтік маңыздағы нысан құрылысы жоспарланған», - деді Н. Ноғаев.