«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы Foreign Direct Investment Magazine (fDi Magazine) сараптамалық орталығының зерттеулері бойынша «Үздік ресурстық-шикізаттық база» номинациясында жеңімпаз деп танылды.
«Қазіргі таңда павлодарлық АЭА-а 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен бірге, алдағы екі жылдың ішінде экспортқа бағытталған тағы он жобаны іске қосу көзделіп отыр. Бұл жобалар бойынша 200 жаңа жұмыс орны құрылады», - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.
Айта кетсек, арнайы аймақтың инфрақұрылымының әзірлігі 24%-ы құрайды. АЭА-ты қажетті коммуникациялармен жабдықтау 2021 жылы аяқталады.