Өткен жылы «КиК-Павлодар» ЖШСде «K&K» брендімен алюминийден жасалған автомобиль дискілері шығарыла бастады.
«Павлодарда жасап шығарылған өнімнің барлығы ары қарай механикалық өңдеу және бояу үшін Тольятти қаласына жіберіледі. Қазіргі таңда зауыттың екінші кезегін іске қосу мәселесі шешіліп жатыр. Кәсіпорынның базасында төрт қосымша құю машиналары мен механикалық өңдеу желісін құру жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар өндіріс көлемін жылына бір миллион дискіге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.