Соңғы екі жылдың ішінде ҚР Үкіметінің қолдауының арқасында ауылдарды сумен қамтамасыз етуге 26 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалып, ауылдарда 365 километр сумен қамтамасыз ету желілері салынды.

«2018 жылдың соңына дейін өңірдегі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 28,8%-ға дейін жеткізіледі. Бұл көрсеткіш 23 мың адамды қамтитын 21 сумен қамту нысандарын іске қосу арқылы қол жеткізіледі. Келесі жылы 43 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз ететін 42 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр», - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Сонымен қатар, облыста май топтық су құбырларындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бірінші және екінші көтергіштегі сорғы станцияларының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп , магистральді су құбырларын тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ал келесі жылы 13 ауыл ішінде ауыл ішілік су құбырларының құрылысы бойынша жұмыстардың жоспарланып отырғанын да атап өтті облыс әкімі.

Айта кетсек, Беловодск топтық су құбырларына Ертіс ауданының 4 ауылы: Иса Байзақов, Қызылжар, Северное және Луговое ауылдары қосылған. Тариф судың шаршы метріне ҚҚС-ыз 340 теңгені құрайды.