2025 жылға дейінгі Стратегиялық көрсеткіштер картасы Ұлттық жоспардың міндеттерін іске асырудағы прогрестің көрсеткіші болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді. Оның сөзінше, карта жауапты мемлекеттік органдарды бекіте отырып, салалар, өңірлер бойынша құрылымдалған үш бағыт бойынша 41 көрсеткіштен тұрады.
«Ұлттық жоспарды іс жүзінде іске асырудың нәтижесі 2025 жылға қарай экономиканың өсуін 5%-тен асатын деңгейде қамтамасыз ету болмақ. Жоспарды іске асыру қазіргі кезеңдегі сын-қатерлерді еңсеруге және ортамерзімдік перспективада халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының артуымен қатар жүретін орнықты және сапалы экономикалық өсу траекториясына шығуға мүмкіндік береді», - деді министр.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!