«Санақ жүргізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылды, оны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Смайылов басқарды. Осы комиссияның бірнеше отырысы өтті. Жалпы, бұл санақтың бұрынңы санақтардан айырмашылығы, ол барынша цифрландырылады деп күтілуде. Яғни, 1 қыркүйектен бастап SanaqGov.kz сайтында сауалнама орналастырылады. Бұл онлайн режимде санақ аясында сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. Ал қазан айының соңғы екі аптасында тікелей сұхбат алушылар азаматтарымыздың үйлерін аралайтын болады. Олар да планшеттердің көмегімен азаматтар үшін ең ыңғайлы түрде толтырады. Жалпы, қазір біз халық санағын өткізуге дайындалып жатырмыз», - деді Келімбетов.


Оның айтуынша, кейінге қалдырылған науқаннан бөлінген және резервтелген ақша негізінен санақта жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысына бағытталады.