ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атап өткендей, бұл өзгерістер Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерінің өкілеттіктерін қайта қарауды және олардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруды талап етеді.


Мемлекеттік басқару саласындағы жаңалықтардың бірі – кандидаттардың кәсіби және жеке құзыреттерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту.


«Ізденушілерді іріктеу рәсімін күшейту мемлекеттік органдарда бейінді және бірегей мамандардың жетіспеушілігінен туындады. Тәуелсіз сарапшылардың қатысуы талапкерлерге біліктіліктің аса жоғары деңгейі талап етілетін позицияларға талап қою деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, талантты жастарды тарту және мемлекеттік аппараттың әлеуетін арттыру үшін Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуді одан әрі жүйелендіру жұмысы жалғасады. Атап айтқанда, ағымдағы жылы Президенттік резервке екінші қабылдау өтеді. Іріктеудің барлық кезеңдері автоматтандырылады, бұл рекрутингтік процестердің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді және кандидаттарды проактивті іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Дархан Жазықбаев.


«Кадрлық стратегия» және «кадрлық жоспарлау» сияқты ұғымдар енгізіледі.


«Кадрлық жұмыстан адами ресурстарды басқаруға көшу персоналды басқару қызметтерін күнделікті жұмыстан босатуды және олардың қызметін цифрландыруды талап етеді. Осы мақсатта агенттік операциялық кадрлық процестерді оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік беретін «iQyzmet» ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізуде» - деп нақтылады Агенттік өкілі.