«Бұл күрделі мәселені іске асыруда Агенттік тарапынан бірқатар шаралар іске асырылуда немесе жоспарлануда. Бүгінгі таңда Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 93% қызмет электрондық нысанда көрсетіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді одан әрі дамыту мақсатында бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлеген бұйрыққа сәйкес, Тізілімдегі электрондық қызметтер үлесі 94,4% құрайтын болады», - деді Д.Жазықбаев.


Спикер Президент бекіткен тұжырымдамада мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметті алу адамдарға бағытталатынын атап өтті. Яғни, проактивті және композитті түрде көрсетілетін қызметтер жандандырылады. Қазіргі кезде проактивті нысанда 23 қызмет, композитті түрде 58 қызмет көрсетілуде.