«Көрсетілген алаң мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде проактивті, композиттік, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер саласында туындайтын мәселелерді жедел шешу орнына айналады», - деді Д.Жазықбаев.


Комиссия құрамына мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелерді көтеретін қоғамның белсенді өкілдері, Парламент депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған саясатты тікелей жүргізетін лауазымды адамдарды қосу ұсынылуда. Сондай-ақ, отырысқа мемлекеттік қызметтер сынға алынатын және бизнес-үдерістерді оңтайландыруды қажет ететін мемлекеттік органдардың басшылары шақырылады.