Сондай-ақ, Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүргізілген «Қазақстан Республикасында сот сараптамасын күшейту» жобасы аясында 200-ден астам сарапшы біліктілігін арттырды. Олар
Ресей, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Польша, Түркияда біліктіліктерін арттырды. 


 «Сарапшы кадрларды даярлаудың қазақстандық мектебі қалыптасуда. Ол үшін сот сараптамасы орталығында оқу орталығы құрылды, оның негізгі функциясы мемлекеттік және жеке сот сарапшыларын және сот-сараптама қызметімен айналысқысы келетін адамдарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып табылады. Оның базасында сот сарапшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ шетелден келген сарапшылар оқып жатыр», - деп атап өтті ведомство басшысы.


Ол сондай-ақ, тәуелсіздік жылдары сот сараптамасы жүйесінде реформалауға белгілі бір қадамдар жасалғанын атап өтті. Бірыңғай қызмет, республикалық сарапшылар палатасы құрылды.