Ол құжаттың асығыс әзірленгенін, жабық режимде жасырын түрде қаралғанын жоққа шығарды. Оның айтуынша, жұмыс 2019 жылдың соңында басталды, Парламент депутаттары 2020 жылдың басында бастама көтерді. Жыл ішінде жұмыс топтарының бірнеше ондаған отырыстары ашық, айқын, онлайн өткізілді. Заң жобасының жекелеген аспектілері БАҚ пен әлеуметтік желілерде де талқыланды.


«Яғни, бұл заң жобасынан ешкім құпия жасаған жоқ. Тағы бір мәселе, біреулер басында оған мән бермеді немесе жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы білген жоқ. Заң жобасының негізгі мақсаты адвокаттар мен заң кеңесшілері клиенттерінің мүдделерін қорғау екенін атап өткеніміз жөн. Яғни, қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғау. ҚР әрбір азаматының сапалы заң көмегіне конституциялық құқығы бар. Бұл заң жобасы құқықтық көмектің сапасын қамтамасыз ететін тетіктерді ұсынады. Әңгіме өзін-өзі реттеуді дамыту туралы болып отыр», - деп атап өтті Марат Бекетаев.


Бұл терең талдау мен дамыған елдердің тәжірибесі негізінде таңдалып отыр.


Өзін-өзі реттеу құқықтық көмектің аса жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Республикалық адвокаттар алқасын нығайтуға және республикалық заң консультанттары алқасын құруға бағытталған. Олар стандарттарды енгізу және құқықтық қызметтер сапасының мониторингі, цифрландыру, норма шығару процесіне қатысу сияқты жүйелі мәселелермен айналысуға тиіс.


«Өкінішке орай, қазір адвокаттар олардың қызметіне тікелей қатысты салалық заң жобаларымен ғана айналысады. Шын мәнінде адвокатура мен заң кеңесшілері «Атамекен» үлгісі бойынша норма түзушіліктің барлық процестеріне қатысуға тиіс. Бірақ «Атамекен» НҚА-ның барлық жобаларын бизнес мүддесі тұрғысынан қарайды. Адвокаттар мен заң кеңесшілері бұл мәселелерді қарапайым азаматтардың мүдделерінен қарауы керек. Адвокаттар мен заң кеңесшілері күн сайын құқықты қолданады және мәселелерге тап болады, реформаларды қалай жүргізу керектігі, заңнамадағы олқылықтар мен кемшіліктерді қалай болдырмау керектігі туралы ақпарат алады. Бұл жұмысқа олар қатысуы керек», - деді Әділет министрі.


Ол сондай-ақ біліктілігі төмен кадрларға шағымданды. Республикалық адвокаттар алқасында сарапшыларды даярлау және қайта даярлау мәселесін шеше алатын жеткілікті білікті мамандар әлі де жоқ. Айта кетейік, бұл нюанс аса өзекті, өйткені заңдар жыл сайын өзгеріп отырады, ал адвокаттардың көбі олармен танысып үлгермейді.