«Ауысымдар бойынша сыныптар санын, сондай-ақ жекелеген пәндерді қашықтан оқытуды мектеп дербес белгілейді. Министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерін қашықтан өткізуді ұсынды. Дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізуге ұсыныс берілді», - деді Каринова.


Бірақ сабақтан тыс уақытта жеке оқытуды 15 адамнан аспайтын топтарда және тек мектеп әкімшілігінің шешімімен ғана жүргізуге рұқсат етіледі.