Азаматтарға алдағы салық сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін білуге және дайын реквизиттер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігі берілген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры Азамат Садықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті. 


Мобильді қосымшаға кіру үшін жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында, азаматтың ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі қажет.
Алдағы төлемдерді МКК порталынан басқа, «egov.kz» порталында, Kaspi. kz, Homebank банктердің мобильді қосымшаларында көруге болады. 
Бұл ретте, мұндай «әмияндағы» көлік құралдарына есептелген салық сомасы дербес шоттағы артық төлемді ескере отырып көрсетіледі.


«Сонымен бірге, көлік құралдары салығы бойынша алдағы төлемдердің сомасы салық берешегі болып табылмайды, осыған байланысты бұл сома «E-Salyq Azamat»  мобильді қосымшасының «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы мәліметтер» сервисінде көрсетілмейді», - деді А.Садықов.