«Салық органдарының барлық есептеулері мен төленген сомалар салық төлеушінің дербес шотында көрсетіледі. Сонымен қатар, іс жүзінде азаматтар көлік құралын иеленудің соңғы жылы үшін салық төлейтін, бірақ алдыңғы кезең бойынша салықты өтемейтін жағдайлар жиі туындайды. Осылайша, салық берешегі өткен кезеңдер үшін болуы мүмкін. Салық толық төленбеген», - деп жауап берді ведомство өкілі.
Айта кетейік, деректерді «E-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасынан тексеруге болады.
Жыл басынан бері бұл қызметті 400 мыңнан астам салық төлеуші пайдаланған. Сонымен қатар, салық бойынша барлық төлемдердің 90%-ы цифрлық форматта келеді.