«Қазақстанда бүгінде КВИ жұқтырудың 241 873 зертханалық дәлелденген жағдайы анықталса, оның 1492 жағдайы бүгінгі күнгі көрсеткіштер. 50433 - лабораториялық дәлелденбеген жағдай. Оның ішінде лабораториялық жағдайлар арасында 3014 адам, пневмония салдарынан 682 адам көз жұмған», - деді спикер.


А.Қуатбаеваның айтуынша, Қазақстанда КВИ циркуляциясын анықтау мақсатында және тәуекел топтар арасында қандай қауіп барын анықтау мақсатында зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл экспресс ПТР скрининг әдісі енгізілді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматыда науқастар арасында оңтүстікафикалық және британдық штаммдар тіркелді. Бұл ретте маман мутацияға ұшыраған вирус болсын-болмасын, оны жұқтыру қабілеті жоғары, сондықтан халықты әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол жуу сияқты қарапайым сақтық шараларын сақтауға шақырды.