«Қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша 20-шы күн қызыл аймақта орналасқан. Күніне 350-ден 400-ге дейін жағдай тіркеледі, 100 000 тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 153,5 құрады, репродуктивті саны 1,179. Ағымдағы жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 11 000 - нан асты, пандемия басталғалы бері - 30 000-нан астам жағдай тіркелді. Сырқаттанушылық динамикасы бойынша, ақпан айында сырқаттанушылықтың тіркелуі қаңтармен салыстырғанда 25% - ға төмендегені байқалды, наурыз айында соңғы аптада сырқаттанушылықтың өсуі есебінен ұлғаю байқалады», - деді спикер.


Оның айтуынша, наурыз айында 4939 жағдай тіркелген. Қаңтар айында соңғы алты айдағы ең жоғары көрсеткіш тіркелгенімен, күніне 346 жағдай анықталса да, осы мерекелік аптада науқастармен байланыста болған науқастар саны 10%- ға өскен. Егер аптасына орта есеппен 500-ге жуық адам «байланыс арқылы» індетті жұқтырса, қазір бұл көрсеткіш 750-ге жетеді.


«Бұл қала тұрғындарының ұйымдастырылған ұжымдарда да, үй карантині режимінде де карантиндік шараларды сақтамағанын көрсетеді. Белсенді ошақтар саны 1735. Медициналық бақылауда 4172 байланыста болған адам бар. Аурушаңдықтың ең жоғары деңгейі ересектер контингенті арасында тіркеледі – 78,3%, балалар - 19%, жасөспірімдер -  7%. Сондай-ақ, 30-39 жас аралығындағы адамдар 30% құрайды», - деді елорданың бас санитарлық дәрігері.