Оның айтуынша, майлы дақылдар алаңы 3 млн гектарды құрайды деп болжануда, бұл өткен жылғы деңгейден 63 мың гектарға артық, Жемшөп дақылдары – 3,4 млн гектар, көкөніс-бақша дақылдарының ауданы өткен жылдан 16 мың гектарға артық және 280 мың гектарды құрайды.

«Өңірдегі қазіргі жағдайда сұранысқа ие дақылдарды, атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіруге арналған шикізат, қант, қарақұмық жармасын, күнбағыс майын және т.б. өндіруге баса назар аударылады, жергілікті атқарушы органдарға қарақұмық алаңын бұрын жоспарланған 89 мың га орнына 103 мың га дейін, картопты 197 мың га орнына 209 мың га дейін кеңейту ұсынылды. Бұл елді сұраныстың артуы байқалатын өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады ведомство өкілі.