«Электр және жылу энергиясын өндіру секторы - жоғары білікті мамандарды талап ететін өте күрделі процесс. Саланың ерекшелігі тіпті ең төменгі лауазымдарда да арнайы білім беруді білдіреді. Бүгінгі күні біз өнеркәсіптің басқа салалары мен шектес мемлекеттерге жүйелі түрде жылыстауды байқап отырмыз. Мамандардың кетуінің негізгі себебі – электр энергетикасындағы еңбекақы деңгейінің төмендігі. Бұл ретте мамандар жетіспеушілігінің салдары электр станцияларының жұмысына тікелей әсер етеді. Бұл объектілерді тапсыру, пайдалануға беру мерзімдерінің бұзылуына әкеледі және жалпы жөндеу науқандарының сапасына әсер етеді», - деді Рахимов.


Ресми мәліметтерге сәйкес, егер 2016 жылы Қазақстанның негізгі электр станцияларында өндірістік персоналдан 26 мыңнан астам адам жұмыс істесе, 2020 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемінің 15%-ға ұлғаюына қарамастан, олардың саны 23 мың адамнан аспайды. 


«Жақын арада энергия өндіруші ұйымдарды басқару жүйесіндегі басты басымдық ол білікті персонал және осындай біліктілікті жоғары деңгейде ұстап тұру болады. Ол үшін тиісті бағдарламаларды әзірлеу бойынша шаралар қабылдау және еңбекақыны жоспарлы түрде ұлғайту талап етіледі», - деп толықтырды вице-министр.