«Жалпы науқастың 56% Алматыда тұрады, қалада ақпан айында тәулігіне 100 жағдай, наурызда тәулігіне 500 жағдай анықталған. Нұр-Сұлтан қаласында ақпанда тәулігіне 100 жағдай, наурызда тәулігіне 350 жағдай тіркелді», - деді А.Цой. 


Төрт өңір қауіпті аймақта (қызыл аймақта) тұр: Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары. Сары аймақта – 3 өңір (Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары). Қалған 10 өңір жасыл аймақта.


Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған өңірлерде қосымша шектеу шаралары енгізілді. Ең қатаң шаралар Алматыда қабылдануда. Мұнда 440 адам ауыр халде, тестілеудің тәуліктік қуаты 113 мың зерттеуді құрап отыр.