Институт ғалымдары препараттардың 60-тан астам атауын, оның ішінде 30 вакцинаны, 16 тест-жүйені және 15-тен астам түрлі биопрепараттарды әзірлеп, енгізді. Ал соңғы 10 жылда институт аса қауіпті инфекциялар бойынша отандық вакциналарды дайындау технологиясын жасады.

«QazCovid-In» белсенділігі жойылған вакцинадан басқа тағы 4 вакцина әзірленуде – бұл S-вирус ақуызы учаскесі негізіндегі суббірлікті вакцина, тұмау вирусы негізіндегі 2 векторлық вакцина, әлсіреген вирус алу үшін тірі жинақталған вакцина және осы әлсіреген вирус негізіндегі вакцина»,- деді әріптестерінің қазіргі әзірлемелері туралы түсіндірген Закария.