«Біз жыл сайын орта есеппен 20 млн тонна дәнді және бұршақты дақылдар өндіреміз. Ішкі тұтынуға, оның ішінде ұн өндіруге 10-11 млн қажет өтпелі қалдықты ескере отырып, біз жыл сайын 7-8 млн тонна бидай экспорттай аламыз. Литва экспорты орта есеппен 3 млн тоннаны құрайды. Бірақ Қазақстанның экспорттық нарықтары - бұл Орта Азия мен Ауғанстан, ал Литвада – бүкіл әлем, мұны айтпай кетуге болмайды. Айырмашылығы мынада, Қазақстан «Landlocked country», яғни Литваның мұз қатпайтын Клайпеда портымен салыстырғанда бізде теңізге шығу жолы жоқ. Бірақ біз сонда да көш бастап тұрмыз.Жалпы, Литва жер ресурстарының шектеулілігін ескере отырып, бидай өндірісін 3 есе ұлғайтады және Қазақстанды басып озады деп мәлімдеу, бұл, кем дегенде, күмәнді факт», - деп атап өтті Сұлтанов.
Оның пікірінше, тағы бір маңызды мәселе – өнімділік. Ол орташа көрсеткіштерден төмен. «Бізге осы бағытта жұмыс істеу, минералды тыңайтқыштар енгізу, сапалы тұқымдар пайдалану, заманауи агротехнологияларды енгізу қажет. Бірақ агротехнологияларды сақтайтын, 25-30 ц/га тұрақты алатын астық егетін өңірлердегі орташа шаруашылықтар бізде де бар», - деді ол.