«Қазақстанның ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 5,6% - ға артып, 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең үлкен өсім. Сонымен қатар, азық-түлік өндірісі 4% - ға өсті. Яғни, 350 млрд теңге субсидия бере отырып, біз 6,3 трлн теңгеге өнім аламыз. Ауыл шаруашылығындағы салық көлемінде емес, жалпы халық пен ел үшін тиімділікті қарау керек», - деді ведомство өкілі.


Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ағыны, оның айтуынша, осы кезеңде 15%-ға, тамақ өнімдерін өндіруге-13,5%-ға ұлғайды. Нәтижесінде АӨК инвестицияларының жалпы көлемі жоспарлы мәннен 154,2 млрд.теңгеге асып, 677,2 млрд теңгені құрады. 


«АӨК өндірісінің өсу көлемі қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының ұлғаюымен расталады, ол 22%-ға артып, 1,3 млрд АҚШ долларын құрад, 2019 жылы – 1,1 млрд. теңге. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін британдық Economist журналы өткізетін Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингі де растайды, онда Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша 16 позицияға көтеріліп, әлемнің 113 елінен 32-орынға ие болды», - деп еске салды Сұлтанов.


Бұл ретте ауыл шаруашылығында дотациялар қарастырылғандықтан, тиісінше салықтық жеңілдіктер де көзделген. Мысалы, ауданы 5 мың га дейінгі шаруашылықтар жердің сапалық сипаттамаларына сүйене отырып, бірыңғай жер салығын төлейді және салықтың басқа түрлерінен босатылады. Басқа фермерлер мен қайта өңдеуші кәсіпорындар арнаулы салық режимін пайдаланады, онда оларға салық төлемдері бойынша 70% жеңілдік, ал кейбір түрлері бойынша олардан босатылады.