Орталық коммуникациялар қызметінде баяндама жасаған ол бау-бақшаны қолдаудың арнайы шаралары туралы айтып берді. Бағбандарды қолдаудың арнайы шараларының ішінде көшеттерді субсидиялау, тамшылатып суаруға және қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалатын шығындардың жартысын өтеу, техника сатып алуға да, сондай-ақ бақша отырғызуға арналған инвестициялық субсидиялар бар. Сондай-ақ, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаумен қаржыландыру бағдарламалары бар. Бұдан басқа, тәлімбақшылардың өтініші бойынша өткен жылы АШМ көшеттер өндірісін субсидиялау бойынша жаңа бағдарлама әзірледі, тәлімбақтар мен аналықтарға арналған техниканы сатып алуға инвестициялық субсидиялау енгізілді.


«Қазақстанда саланы дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Алайда, айта кетерлік жайт, Батыс Қазақстан облысы-өнеркәсіптік бау-бақша өсіруге лайықты өңір емес. Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарына баса назар аударылады. Құрметті депутатты «Дала Фрут», «Амал Био», Alma Mater Fields, «Александровский сад» сияқты шаруашылықтарға баруға шақырамыз. Бұл сақтау инфрақұрылымы, бақшаны күту мен алма жинаудың тиімді технологиясы бар заманауи өнеркәсіптік бақтар. Жобаны қолдаусыз БҚО-да бау-бақшаны қалпына келтіру және оны Қазақстанда одан әрі дамыту мүмкін емес деген сауал авторының пікірін өзгертуі мүмкін», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.


Сондай-ақ, спикер ескі немесе дұрыс емес деректердің таралуын болдырмау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі кез келген ақпаратты ұсынуға және диалог орнатуға дайын екенін еске салды.