«АСБ бар балаларға тиімді көмек көрсету үшін түрлі ведомстволар мынадай міндеттерді іске асыру бойынша келісуі қажет: медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, кейіннен абилитациямен және оңалтумен ерте диагностиканы қамтамасыз ету; білім беру, әртүрлі сипаттағы қызметтерге қол жеткізу, жұмысқа орналастыру, тіршілікті қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау және көмек көрсету, бейімдеу және т.б. мәселелерін шешу; АСБ-мен ауыратын адамдарға күтім жасайтын адамдардың стигмасын азайту және мүмкіндіктерін арттыру. Аталған іс-шаралар Премьер-Министрдің 2020 жылғы 17 тамыздағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бастамашылық еткен өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасында қарастырылған», - деп атап өтті спикер.
Жол картасын жүзеге асыру үшін жұмыс тобы бекітілді. Сонымен қатар, ведомство қолжетімді көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді. Қалалық, облыстық деңгейдегі 17 психикалық денсаулық орталығы жұмыс істейді. Соңғы екі жылда қалалық амбулаториялық-емханалық ұйымдар деңгейінде 74 алғашқы психикалық денсаулық орталығы ұйымдастырылды; ауылдық деңгейде психикалық денсаулық кабинеттерінің желісі 219-ға дейін кеңейтілді; балаларға арналған күндізгі стационардың 65 төсек-орынға арналған 3 бөлімшесі ашылды; Қарағанды облысында және қалада, сондай-ақ, Шымкент қаласында ауысымына 90 келушіге, сондай-ақ тәулік бойы болу үшін 15 орынға арналған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік оңалтудың екі бөлімшесі ашылды.