«Заң жобасының мақсаты қазіргі заманғы өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өнеркәсіпті жедел дамыту арқылы ұлттық экономиканың әлеуетін арттыру болып табылады. Заң жобасында экономикалық, әкімшілік, құқықтық, институционалдық және басқа жағдайларды қамтитын өнеркәсіптік климат ұғымын енгізу көзделген. Өнеркәсіптік климаттың жай-күйін бақылауды тиісті өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады және оның нәтижелері болашақ кезеңдерге арналған өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру кезінде ескеріледі. Осы мониторинг негізінде басқару шешімдері қабылданып, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі бағаланады», - деді спикер өз баяндамасында.


Оның айтуынша, өндіріске қатысты функциялар әртүрлі ведомствалар арасында бөлінген. Сол себепті өнеркәсіптік саясатты тиісті үйлестіруді қамтамасыз ету үшін заң жобасында үкімет басшысының орыбасарының жетекшілігімен Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру қарастырылған. Содай-ақ, комиссия құрамына мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар және басқа да мүдделі тұлғалар кіретін болады. Сондай-ақ, институционалдық қолдау шеңберінде заң жобасы Өнеркәсіпті дамыту қорын мен «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйені құру мен жүзеге асыру мәселелерін реттейді.