«Мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жақсы нәтижесі бар сертификатты ұсына алады. Бұл мүмкіндік үміткерлердің грант ұтып алу мүмкіндігін айтарлықтай арттыра түспек. ҰБТ-ны әдеттегідей 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша тапсырады. Қатысушыларға 120 тест тапсырмасы және 240 минут уақыт беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады», - деді спикер.


Қатысушылар тапсырмаларды кез-келген пәннен бастай алады. Сондай-ақ тестілеу аяқталғанға дейін жауап берілген сұрақтарға қайта оралып, жауаптарды түзетуге болады. БҒМ мәліметінше, талапкерлерге ыңғайлы болу үшін ҰБТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестелері ұсынылады. Тест нәтижелері бірден белгілі болады және жарты сағаттың ішінде апелляцияға беру мүмкіндігі бар.