«Тестіленушілерді кіргізу және аудиторияда отырғызу кезінде әлеуметтік қашықтық сақталады. Аудиториялар желдетіліп, дезинфекциялық құралдармен өңделеді. Барлық санитарлық талап қатаң сақталатын болады», - деді Тойбаев.


Әрбір тестілеушінің әйнекпен қоршалған орны болады. Сондай-ақ, санитарлық нормаларға сәйкес ата-аналар мен мұғалімдерге ҰБТ өткізу пунктінің аумағында болуға тыйым салынады. Олар үшін аудиториядан education.kz сайтында бейнетрансляция қамтамасыз етіледі.