«Бұл жұмыс келесі құралдар арқылы жүзеге асырылады. Бірінші, стандарттарды таратуға тек бір ғана ұйым құқылы. Бұл стандарттау жөніндегі ұлттық орган немесе ол уәкілеттік берген ұйым болуы мүмкін. «Стандарттау туралы» ҚР заңына сәйкес, бұл функция Қазақстан Метрология және стандарттау институтына бекітілген. Екінші, ТМД мүше елдердің мемлекетаралық стандарттарды рұқсатсыз таратудан қорғау заңнамалық бекітілуі қажет. Мұндай фактілерді анықтау біздің ұлттық заңнамамызбен бекітілмеген. Осыған байланысты стандарттарды рұқсатсыз таратқаны үшін әкімшілік айыппұл салу бойынша ұсыныстар әзірленіп, Әділет министрлігіне жіберілді. Сонымен қатар, өзара іс-қимылды үйлестіру Стандарттар жөніндегі бюро арқылы орталықтандыру жүзеге асырылатын болады. Мұндай тәсіл іске асырылатын мемлекетаралық стандарттарды орталықтандырылған есепке алуды, оларды пайдаланудың заңдылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған», - деді Қ.Тайжанов. 


Оның мәліметінше, бүгінде келісімге бірқатар елдер қол қойды, ал РФ, Беларусь Республикасы, Қырғызстан жне Молдова Республикалары мемлекет ішіндегі рәсімдерді аяқтады. Нәтижесінде мемлекет үшін мемлекетаралық стандарттарды заңды сату, оларды заңнамаға бейімдеу үшін құқықтық негіз жасалады. Ал бизнес үшін шығындар азаяды. Жалпы алғанда, келісімнің қабылдануы тауарлардың еркін қозғалысына және халықаралық сауда желісінің ықпалдасуына жағдай жасайды.