Оның айтуынша, аталған құқықтық актілер аккредиттеу рәсімін жетілдіру мәселелеріне де қатысты, атап айтқанда, қауіпсіз емес өнімнің үлгілерін іріктеу практикасын енгізу, өнімді алу және кері қайтарып алу тетіктерін регламенттеу, нарықты қадағалау институтын енгізу, бақылау және қадағалау процесін цифрландыру қажет.


«Сұр» және «қара» сертификаттауға қарсы күреске баса назар аударылады. Осы міндет шеңберінде 2021 жылы Еуропалық жүйе сияқты қауіпті өнімдер тізілімін енгізу жоспарланған. Сондай-ақ, электрондық мемлекеттік бақылау жүйесін енгізу, стандарттардың жаңа интернет-дүкенін іске қосу. Айта кетейік, барлық мемлекеттік стандарттар Қазақстан аумағында тегін жүзеге асырылады. Бұл биылғы жаңашылдық болып табылады. Стандарттарды сараптауды жоспарлауды әзірлеу процесін цифрландыру стандарттарды әзірлеу кезінде өндірушілер мен бизнес-қоғамдастыққа көбірек интеграциялануға және стандарттарды әзірлеу мен енгізу кезеңінде өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті спикер.


Осылайша, өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің электрондық тізілімін енгізу өнімді өндіріске қою кезінде кәсіпкерлер мен өндірушілердің шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.


Метрологиялық қызмет көрсету процестерін цифрландыруға келетін болсақ, сәйкестікті электрондық бағалауды енгізу өнімді айналысқа жедел шығару үшін сертификаттау және декларациялау процестерін білдіреді.


«Электрондық аккредиттеуді дамыту, Метрологияның техникалық реттеудің интерактивті картасын енгізу, жалпы осы жұмыс түрлері кәсіпкерлердің де, өндірушілердің де тікелей қатысуын қажет етеді. Сондықтан қоғамшылдарды, салалық кәсіпкерлердің бірлестіктерін барынша тығыз ынтымақтастыққа және осы жұмыстардың барлығын бірлесіп жүргізуге шақырамын. Мұны соңына дейін жеткізу керек», - деді сауда министрлігінің өкілі процеске әлеуетті қатысушыларды бірлесіп жұмыс істеуге үндей отырып.