Қазақстан аумағының жазық бөлігінде су басу қауіпі тек көктемгі су тасу кезеңінде болса, елдің таулы бөлігінде - ШҚО, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында су тасқынының пайда болу қаупі тауларда қар еру және қатты жауын-шашын кезінде сақталуда. 


«Ағымдағы көктем мезгілінде суық күндердің созылуына байланысты наурыз айында қар әдеттегі уақытынан баяу еріді. Осыған байланысты, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан облыстарындағы қар қорлары әлі де сақталуда. Ауа-райының күрт жылынып, нөсерлі жауын жауған жағдайда аталған өңірлерде су басу қаупі болуы мүмкін. Сырдария және Іле өзендері мұздан толығымен тазарды. Ертіс өзенінде Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары аумағында мұз еру процесі жалғасуда, бұл мұз кептелісіне және судың жайылма аумақтарына шығуына әкелуі мүмкін», - деді вице-министр.