2020 жылдың күзгі кезеңінен бастап гидротехникалық құрылыстарға тексеру жүргізілді.
«Тексеру қорытындысы бойынша Бассейндік инспекциялар гидротехникалық нысандардың барлық меншік иелеріне тасқын суларды қауіпсіз өткізу және қажетті материалдар мен техниканы дайындау үшін қажетті іс-шараларды жүргізу туралы ескертулер берді. Бүгінгі күні, коммуналдық және жеке гидротехникалық нысандарда бос сыйымдылықтарды ұлғайту, өзендер арналарын тазалау, инженерлік қорғаныстарды жөндеу және құру бойынша бұрын берілген ұсынымдардың орындалуын бақылау зерттеулері жүргізілуде. Жауған қардың үлкен көлемін ескере отырып, қар күрт еріген жағдайда су қоймаларынан ағызылатын су көлемі едәуір артатыны сөзсіз. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден жақын орналасқан су қоймаларынан ағызылатын суды бұруға қажет арналардың өткізу қабілетін ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жеделдетуі және күшейтуі қажет», - деді вице-министр.
Бұл ретте, ол су қоймаларының бос сыйымдылықтарын қалыптастырумен қатар, арналар тазаланған жағдайда ғана су тасқынының апатсыз өткізуін қамтамасыз етуге болатынын атап өтті.