Жалпы, өткен жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, Республикалық меншіктегі гидротехникалық нысандарды тасқын суларды өткізуге дайындау және тасқын судан болатын залалды болдырмау мақсатында министрлік бірқатар шаралар қабылдауда.

«Су ресурстары комитетінде 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне арналған су тасқынына қарсы комиссия құрылды. Осындай комиссиялар «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның филиалдарында құрылған. Гидротехникалық нысандарды пайдалану қағидаларына сәйкес, әрбір су қоймасы үшін су қоймаларын толтыруға және күтілетін түсімдерге байланысты су тасқынын өткізу кестесі әзірледі. Су тасқыны кезеңі басталғанға дейін тасқын суларды жинақтау және қарқынды су тасқыны кезіндегі маневрлік үшін су қоймаларындағы бос сыйымдылықтар қоры қамтамасыз етілді», - деді вице-министр.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күні ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 70-75% құрайды. Үлкен тасқын сулар келген жағдайда олар транзиттік режимде жұмыс істейтін болады.