Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының, азаматтық қорғаныс және Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің күштері мен құралдары әзірлікке келтірілді. Олардың жалпы саны жеке құрамнан 10 мыңнан астам адам және 1,8 мыңнан астам бірлік техника. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин мәлімдеді.
«Су басу қаупі аз өңірлерден қосымша резервтік топтар жасақталды.Олардың жалпы саны 1047 адам, 121 бірлік техника, 47 жүзу құралы және 127 мотопомпа. Сондай-ақ Көкшетау техникалық техника институтының жиынтық жасағы мен «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары жоғары дайындыққа келтірілді», - деді спикер.
Зардап шеккен халыққа палаталы лагерь орнату үшін ТЖМ жедел резервінің мүлкі мен техникасы дайындалды, оларды жеткізу және орнату үшін күштер мен құралдар есебі жасалды.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!