«Аталған учаскелерде қажетті жол техникасының 746 бірлігі бекітілген. Су тасқыны кезінде жұмыстарды уақытылы әрі тиімді ұйымдастыру үшін барлық қажетті жол материалдары әзірленген. Атап айтқанда 631 тонна жанар-жағармай материалдары, 7 мың м3 құм, 12 мың м3 тас, 15 мың м3 қиыршық тас, 45 мың қап және 24 темір-бетон конструкциясы толықтай дайын. Сондай-ақ, реконструкция мен күрделі жөндеу жүргізу барысында су тасқыны қаупі жоғары деген автомобиль жолдарының учаскелерінде тасқын сулардың өткізгіштігін арттыру үшін саңылаулар диаметрі мен су өткізгіштердің саны көбейтіп, үйінділердің биіктігін арттыру мақсатында қосымша көпірлер мен су өткізу құбырларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Т.Абдуллин.

Оның айтуынша, су тасқынына қарсы шараларды орындау кезінде өңірлердегі ауа райы мен климаттық жағдайлар, сондай-ақ, өткен жылдарғы су тасқыны кезеңіндегі нәтижелер ескеріледі.