Қазақстан Республикасында 7 сәуірдегі жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 258 917 науқас және КВИ-мен 50 955 жағдай тіркелді. КВИ+ бар 228 089 науқас және КВИ-мен ауыратын 49 290 науқас сауығып кетті. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі жалғасуда.


«Жалпы сырқаттанушылықтың 63%-ы Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының және Алматы облысының тұрғындарына тиесілі, онда Алматы қаласында жағдайлардың тіркелуі ақпан айында тәулігіне 100 жағдайдан сәуір айында тәулігіне 600 жағдайға дейін артты. Нұр-Сұлтан қаласында жағдайлардың саны ақпан айында тәулігіне 100 жағдайдан сәуір айында тәулігіне 500 жағдайға дейін өсті. Алматы облысында ақпан айында көрсеткіш 70 жағдайдан сәуір айында тәулігіне 270 жағдайға дейін ұлғайды», - деді А.Цой.


Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы бір апта бойы жоғары қауіпті «қызыл» аймақта тұр.