Журналистердің осы бір сұрағына ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді. Оның хабарлауынша, вакцина бекітілген нұсқаулыққа сәйкес міндетті түрде қолданылатынын хабарлады. Сондай-ақ, спикер бүгінгі таңда Қазақстанда елімізде және Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасы қолданылатынын еске салды.


«Нұсқауларға сәйкес, вакцина екі дозада қолданылады: бірінші компонент және екінші компонент. Сондықтан біз осы нұсқаулықты ұстанамыз. Қандай да бір жаңа деректер пайда болғанда немесе нұсқаулыққа тиісті өзгерістер енгізілгенде, біз бұл мәселені қарастырамыз. Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның 2 дозасын қолдануды ұсынатынын атап өткім келеді», - деп түсіндірді А.Есмағамбетова.