Жағдайды тұрақтандыруға тек вакцинация ғана көмектеседі. 1 млн-ға жуық алматылыққа екпе жасау жоспарланған. Осы мақсаттар үшін егу пункттерінің саны біртіндеп артады. Науқанның басында барлығы 35 болды, қазір - 182, қажетті максимум - 250. Медициналық мекемелерден басқа, вакцинациялау пункттері адамдар көп жиналатын жерлерде, СОО-да орналастырылды, ал жетуі қиын аудандарға жылжымалы егу пункттерін жіберуді жоспарлап отыр. Қазір Арсеналда осындай 4 машина бар.


«Тұрғындарды жаппай вакцинациялау үшін штаб құрылды, вакцинациялауға жататын тұрғындар саны есептелді, қажетті қосымша егу пункттерінің саны мен орналасқан жері анықталды; вакциналарды жеткізу және сақтау кезінде суық тізбекті сақтау үшін егу пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыру жүргізілді, вакцина алатындар ағынын арттыру үшін жоспар-схемалар жасалды; медицина кадрларының, еріктілердің қосымша саны есептелді, оларды кезең-кезеңімен семинар-тренингтер түрінде оқыту жүргізілуде. 396 егу бригадасын іске қосу жоспарлануда; қызметкерлер үшін операциялық процедуралардың алгоритмдері мен стандарттары, вакциналарды қоймадан егу пункттеріне дейін тасымалдау схемалары мен алгоритмдері әзірленді», - деп атап өтті спикер.


Нәтижесінде 1 ақпаннан бастап 49 мың адам вакцинацияланды, олардың 12 281-і вакцинаның екі компонентін алды. Соңғы тәулікте 1 180 адам екпе жасатты.
13 сәуірге дейін тағы 69 мың доза, ал айдың соңына дейін 300 мыңнан астам доза жеткізіледі деп күтілуде. Оларды таратумен арнайы құрылған штаб айналысады.