«Ақпараттық қауіпсіздік саласында сапалы кәсіби қызметтер нарығын дамыту мақсатында ақпараттық қауіпсіздіктің 16 жеке меншікті жедел орталығы құрылды. Бұдан басқа, BugBounty ақпараттандыру объектілерінде ақпараттық қауіпсіздік бойынша қоғамдық (кәсіби) бақылау тетігі енгізілуде. Қоғамдық ұйымдар министрліктің қолдауымен BugBounty алаңының пилоттық жобасын іске қосты, ол сыйақы үшін қызметтер мен қосымшалар қауіпсіздігінде табылған осалдықтар туралы есеп беруге және хабарлауға мүмкіндік береді. Жалпы, Қазақстанның әлеуетті дамуда, оны ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы тәуелсіз зерттеушілер көрсете алады», - деп атап өтті спикер.


Оның мәліметінше, бүгінде 275 қатысушы-зерттеуші тіркелген. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап осалдықтар туралы хабарламалармен 172 есеп алынды. 11 есеп бойынша 1 млн теңге төленді.