Заңсыз берілген ЭЦҚ көмегімен сенімхаттар ресімделіп, қаржылық құжаттарға қол қойылған жағдайлар болды.


«ЭЦҚ-ны беру фактілері бойынша біз ҚР ӘҚБтК-нің 640-бабы бойынша әкімшілік істер қозғаймыз және 15-тен 50 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қаржы өндіріп алынады. 2020 жылы ЭЦҚ-ны заңсыз берудің және электрондық қолтаңбаны тиісінше қорғаудың 30-дан астам фактісі анықталды, 2021 жылдың басынан бері 6 іс қаралды, өндірісте тағы 3 іс бар», - деп атап өтті Әбдіхалықов.


Ол қазақстандықтарды ешбір жағдайда ЭЦҚ-ны басқа тұлғаларға бермеуге, қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ кілтті беруді талап етуге ешкімнің құқығы жоқ екенін естен шығармауға шақырды.