«Жұмыс берушілер қандай мамандар керек екенін анықтап, ауылдарда оларға өз тарапынан үй салуға ниет білдірсе, онда жергілікті әкімдікке тізімді ұсынады. Өз кезегінде әкімдік оны министрлікке жолдайды. Ведомство жобаларды тексеріп, рұқсатын береді. Жұмыс беруші ауылдағы азаматтар үй салғаннан кейін біз оның 50 пайызын мемлекет тарапынан субсидиялап қайтарамыз», - деді спикер. 


Бұдан басқа, республиканың қолданыстағы тұрғын үй қорын жаңарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 
2020 жылы 8 өңірде 249 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өтті. Биыл қосымша 473 тұрғын үйді жөндеуге 19,5 млрд теңге жоспарланып отыр.  Бұл жұмыстар жалғасын табады.