«Мемлекеттік шекарадағы шараларды күшейту мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулыға ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызудан бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізді», - деді М.Шоранов.
Жалпы, Қазақстанға шетелден COVID-19 анықтамасыз келетін адамдар саны кемігені байқалады. 13 сәуірде анықтамасыз 251 адам келген, оның ішінде екеуінде COVID-19 тестінің оң нәтижесі анықталды. Наурыз айының сәйкес мерзімінде анықтамасыз келген 4 975 адам тіркелген, 16 – талдау нәтижесі оң болған.