Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 435 393, екінші компонентпен – 107 121 азамат егілді. Сәуір айынан бастап өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 923 мыңнан астам дозасы жеткізілді, сәуір айының соңына дейін 910 мың доза, басқа өндірушілерден 500 мың доза және 25 мың «QazCovid-in» вакцинасын жеткізу көзделген, бұл еліміздің 2 млн азаматын вакцинациялауға мүмкіндік береді.

«Халық үшін вакцинацияның қолжетімділігін арттыру және егу процесін жеңілдету мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен адамдар көп шоғырланатын жерлерде - ұйымдасқан ұжымдарда, СОО, базарларда және басқа да қоғамдық орындарда коронавирустық инфекцияға қарсы иммундауды ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар бекітілді», - деді М.Шоранов.