«Бұл карантиндегі адамдардың өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғанын көрсетеді», - деді М.Шоранов.
«Ashyq» жобасын пайдалана алатын қызмет түрлері кезең-кезеңмен кеңейтілетін болады, 26 сәуірден бастап жоба еліміздің барлық өңірлерін қамтиды. «Ashyq» жобасын кеңейту кезеңдері ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің а. ж. 13 сәуірдегі қаулысымен бекітілді. Бұдан басқа, «Ashyq» жобасын енгізу, жобаға жаңа қатысушыларды қосу және объектіде жобаға қатысуға қойылған талаптарды бұзу жағдайы расталса, жобадан шығарып тастау алгоритмдері бекітілді, егер объект 3 күннен артық уақыт бойы келушілерге check-in жүргізбесе, жобаға қатысушыны алып тастау көзделген. Бұл ретте қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы жобаға 2 аптадан кейін ғана орала алады.