«Ол үшін ғылыми дәрежесі немесе заң саласында 10 жылға дейін істеген еңбек өтілі болса жеткілікті. Бізге өзінің арыз-шағымын береді. Біз оны тізімге енгіземіз, ол тиісті сала бойынша құқықтық сараптамаға қатысады. Соның реті бізге жүктеліп отыр», - деді институт директоры.


Р.Сарпековтың айтуынша, қазіргі кезде сараптама жүргізетін сарапшылардың, құқықтық сараптама өткізетін адамдардың тізімін, міндеттерін, құқықтарын және олардың жасаған құжаттардың түрлерін, оларды қалай өту керегін анықтайтын құжаттар, сондай-ақ әділет министрлігінің бұйрығымен бекітілетін 2-3 нормативтік құжат пен өзі бекітетін 3-4 құжат әзірлену үстінде. Осы құжаттар қабылданғаннан кейін Заңнама және құқықтық ақпарат институтын тікелей сол жұмыспен айналысады. Аталған мекеме «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң бойынша өкілетті орган болып танылады. 


Бұл ретте Рамазан Сарпеков ғалымдар мен тәжірибелі заңгерлерді бірге жұмыс істеуге шақырды.